Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
"Назарбаев - өте ақылды адам. Жұмыс бабымен бірнеше рет кездестім. Менің жұмысымды жақсы меңгерген, біледі. Өйткені Кеңес үкіметі кезінен көп нәрсені көрген, тез қағып алады. Қазір айтылып жатқанның көп мәселе жеке менің басыма қатысты емес.
Қызметке келгенде де ешкімге ештеңе берген жоқпын. Қызметтен кеткенде тек хатты жібердім болды. "Қалаған шотыңызға ақша аударып берейік, араласпаңызшы" дегендер болды. Мен оған қараған жоқпын. Бұл жерде 2 түрлі жол бар. Біріншісі - соларға еру, екіншісі - оларға қарсы жүру. Үшінші жол бар, бәрін тастап қашып кету. Мемлекеттік қызметке ақша табайын деп келген жоқпын. Сапарбаевтан ұялғаннан келдім. Ордабасы әкімі болдым кейін. Қолым да, арым да таза".
Ислам Әбішев «Қасқа жол» You Tube арнасына берген сұхбатында осылай деді. Расында да бизнесте жүрген Ислам Әбішевті мемлекеттік қызметке алып келген сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болатын. Кейін ол облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін ұзақ уақыт атқарды. Бұдан кейін Сапарбаев оны Шығыс Қазақстан облысына шақырды. Сол жақта Өскемен қаласының әкімі болды. Одан әрі Су ресурстары комитетіне екі мәрте жетекшілік етті. Зейнеткерлікке аз уақыт қалған кезде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен сотталып кетті. Өкінішке қарай, қай жерде жүрсе де елдің сүйіспеншілігіне бөленген Ислам Әбішевтің мемлекеттік қызметтегі карьерасы осылай аяқталды. Шенеуніктік тағдыр деген осы.