Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Израиль Газа секторын әлі бомбалап жатыр – ХАМАС-пен соғыс төртінші айға кетіп барады. Өткен апта соңында AFP агенттігі Израиль оңтүстіктегі Рафах қаласына соққы жасағанын жазды.
Мұнда жүздеген мың адам пана іздеп отыр. Зардап шеккендер Хан-Юнис ауруханасына жеткізілген. Нетаньяху сол күні мәлімдеме жасап, Израиль «ХАМАС-ты жою, кепілге алынғандарды босату кампаниясын жалғастырады... Газа Израильге қауіп төндірмеуге тиіс», деді. Израиль әскерінің өкілі Даниэль Хагари Израиль Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС-тың әскери базасын бұзғанын, енді орталық мен оңтүстікке назар аударатынын айтты.
ХАМАС басқаратын Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль күштері соғыс басталғаннан бері 22 мыңнан астам адамды өлтірді. Басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Шайқас жүріп жатыр. 6 қаңтарда Палестина жағы соңғы 24 сағатта 120-дан астам адам өлімі тіркелгенін мәлімдеді. Газа секторында қарулы қақтығыстан азық-түлік жетіспей, балаларға аштық қаупі төнді. БҰҰ хабарлауынша, аймақта екі жасқа дейінгі бүлдіршіндердің 90 пайызы аш-құрсақ. Осының кесірінен 130 мың баланың денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Әскери қимылдардан өңірдің білім беру жүйесі де күйреген. Ал мектептердің көбі босқындардың паналау орнына айналған.