Шымкентте полиция майоры сотталды

Oinet.kz 12-01-2024 425

dlya_sayta_kartinka.jpg

Шымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.  

Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі анықталды.

Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-ге тіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды.

Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді.

 


Босқындар мектептерді паналауда
Түркістанда «Базардағы кітапхана» идеясы іске асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу