Данабек Исабеков, Мәжіліс депутаты: «Мегаполистің мәселесін Парламентте көтереміз»

Oinet.kz 11-01-2024 414

Шымкенттегі екінші оқушылар сарайының құрылысы тоқтап тұр. Республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс 8 млрд теңге былтырдан бері әлі берілмеген. Бүгінде құрылыс жұмыстарының тек 30 пайызы аяқталған.

Screenshot_14.jpg

Құрылысы былтыр мамыр айында басталған «Тұран» шағын ауданындағы оқушылар сарайы биыл көктемде ел игілігіне берілуі тиіс еді. 

–  Жалпы жобаның құны 9 млрд теңгеге жуық. Жоба бойынша 1 млрд теңге жергілікті бюджеттен, ал қалған  8 млрд теңге республикалық бюджеттен келуі керек болған. Әкімдік бөлетін 1 млрд қаржыны біз бөлдік, сол қаржыға жұмыс басталып кеткен. 2,5-3 млрд-қа жуық қаржы жұмсалып қойды. Республикадан келетін 8 млрд теңгенің мәселесі шешілмей тұр, –  деді «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филилалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов. 

Ал үшінші мегаполисте жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков нысан құрылысын тез арада аяқтау қажеттігін айтып, аталған мәселені тиісті орында көтеретінін жеткізді.

Заманауи талапқа сай бой көтеретін ғимаратта оқушылардың сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалады. Үш блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Бас мердігер – Bі Global ЖШС. Әлеуметтік нысан құрылысы «Amanat» партиясының бақылауында. Мәжіліс депутаты және қала мәслихатының төрағасы жауаптыларға құрылыстың өндірістік кестеге сай жүргізілуін назарға алып, тезірек аяқтауды тапсырды.  

– Партияның сайлауалды бағдарламасында осындай жалпы 4 нысан салу көзделген. Бірінші нысан құрылысы былтыр аяқталды. Екінші нысан қаржылық мәселеге байланысты уақытша тоқтап тұр екен. Құрылысты тезірек аяқтау үшін барлық іс-шараларды қабылдаймыз. Республикалық бюджеттен қаржы бөлдіру үшін бұл мәселені Парламентте көтеріп, тиісті министрлікпен жұмыс істейміз, – деді Мәжіліс депутаты. 

Дархан Сатыбалды: «Су тасқынына жол берілмеуі керек»
Босқындар мектептерді паналауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу