Елбасының «аты» өшті
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты домендік атауын Nazarbayev.kz деп өзгертті. Бұған дейін сайттың мекенжайы Elbasy.kz болған еді.
Қазір ғаламторда Elbasy.kz деп іздесе, бірден Nazarbayev.kz сайты ашылады.
Сонымен қатар сайттың тақырыпшасы да өзгерген. Бұған дейін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылған. Қазір сөйлемнен "Елбасы" сөзін алып тастаған.
Еске салайық, 15 ақпанда мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыратын заңға қол қойған еді.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", – деп мәлімдеді Ақорда сәрсенбіде.