Антикордың өзі арандатушы болса...

Oinet.kz 22-02-2023 495

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімшілігін тексеріп, ауылдық округтерінің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. 

Screenshot_4.jpg

Олардың тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейін қаражат беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталған.  

Нәтижесінде 7 ауылдық округтің әкімдері мен әкімшіліктің 1 есепшісі соттармен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру және айыппұл түріндегі жазаларға тартылған. 

Бас Прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот оларды толығымен ақтап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдерінің іс-әрекеттерінде тікелей арандатушылық бар екенін анықтаған.

Өз кезегінде, 2 жедел өкілге қатысты Қылмыстық кодектің 362-бабы 4-бөлігімен (билiктi және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп, кінәларын толығымен дәлелдеп, қылмыстық іс сотқа жолданған.

 Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 26 қаңтарындағы үкімімен ауыр санаттағы лауазымдық қылмысты жасағандары үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы 2 жедел өкілі арнайы шендерінен айырылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылды. Жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілді.     

Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталушылар шағым берген.

P.S. Осылайша ауыл әкімдерін пара беру арқылы арандатқан антикордың екі қызметкері сотталды. Ал енді сол кезде ауыл әкімдерінің ісін қараған, заңдылығын қадағалаған  судьялар мен прокурорлар қашан жауапкершілікке тартылады?  

Елбасының «аты» өшті
Тұңғышбай Жаманқұловты жалған ақпарат бергені үшін шығарып тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу