Тұңғышбай Жаманқұловты жалған ақпарат бергені үшін шығарып тастады

Oinet.kz 23-02-2023 2628

Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова Алматыда Мәжіліс депутаттығына үш кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылғанын мәлімдеді. Оның ішінде танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов та сайлау додасынан шығарылды.

Screenshot_2.jpg

Комиссия төрайымы брифингте қалада 104 үміткер тіркелгенін атап өтті. Олардың үшеуі сайлау додасынан шығарылған.

"Салық декларациясын тексергеннен кейін бір кандидатты тіркеу туралы шешімнің күші жойылды. Тағы екеуі өз кандидатурасын өздері алып тастады. 104 кандидаттың 101-і қалды", - деді жергілікті сайлау комиссиясының басшысы.

Айгүл Қалықова тіркеуден бас тартылғандардың арасында халық әртісі, театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұловтың бар екенін алға тартты. Актердің мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырған активтері мен міндеттемелері туралы декларациясында жалған мәліметтер анықталды. Бұл туралы департамент сайлау комиссиясына хабарлаған.

Антикордың өзі арандатушы болса...
Әлтаев біраз әлек салғалы тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу