Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Антикоррупциялық қызмет Елбасының немере інгісі Қайрат Сатыбалдының жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлады.
Дәлірегі Г.Сатыбалдыға қатысты істің кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд. теңгеден асады.
-Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Сатыбалды Г., оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Сатыбалды Г.-ға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда,-деп хабарлады антикор.
Гүлмира Сатыбалдыға тиесілі «Ария-Жаңа Астана» компаниясы Шымкентте Қонаев даңғылын Ташкент тас жолымен қосу жұмыстарына қатысқан. Құзырлы органдар осы жұмыстарды атқару барысында компанияның 747 миллион теңгені су тегін иеленіп кеткенін анықтаған болатын. Бірақ тергеу барысында жоғарыда айтылғандай, мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелген. Ал осы іс бойынша үстерінен қылымыстық іс қозғалды деген Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының лауазымды шенеуніктерінің қызметтері өсіп кетті.
Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайы соттан кейін белгілі болады.