Нұрсұлтан Назарбаев шөберелі болды - БАҚ
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев шөберелі болды. Оның күйеу баласы Тимур Құлыбаев немерелі болды. Ұлттық Олимпиада Комитетінің Президентін танымал спортшылар құттықтап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Құлыбаевтың шаңырағындағы сүйінші жаңалықты дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінің Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Тимур Асқарұлын немересімен құттықтап, кішкентайға бауы берік болсын айтқан.
"Құрметті Тимур Асқарұлы, немереңіздің бауы берік, денсаулығы мықты болсын! Біз сияқты мықты спортшы болсын", — деді Әбиба Әбужақынова.
Динара Нұрсұлтанқызы мен Тимур Құлыбаев бір ұл екі қыз тәрбиелеп өсірген. Желі қолданушылары бұл немере Құлыбаевтың тұңғышы Алтайдың баласы деп болжам жасаған.