Тәжібаев қызметінен кетті. Ендігі кезек кімдікі?

Oinet.kz 27-10-2022 1216

Түркістан облысына келгелі екі ай өтсе де Дархан Сатыбалды көзге көрінерлік  кадрлық өзгерістер жасаған жоқ. Сайлауға дейін ешқандай  өзгеріс болмайды, ескі команда төрт көзі түгел жұмыс істей беретін шығар деген едік. Алайда олай болмай шықты. Бізге жеткен соңғы мәліметтерге қарағанда, облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласын бақылау жасайтын орынбасары Ұлан Тәжібаев креслосын босатқан. 

Screenshot_2.jpg

Ұлан Тәжібаев облыстың бұрынғы әкімі  Шөкеевтің ең сенімді кадры саналады. 2004 жылы Шөкеев Астана қаласының әкімі кезде Тәжібаев оның аппаратында лауазымды қызмет атқарған. Содан бергі аралықта екеуінің жұптары жазылмаған. Шөкеевтің ізінен қалмай еріп келе жатқан екі кадр екеу болса, соның бірі Ұлан Тәжібаев. 

Тәжібаевты ауыл шарушылығына үш қайнаса сорпасы қосылмайды деуге болмайтын шығар. Уақтысында Шөкеев ауыл шаруашылығы министрі болған кезде ол ауыл шаруашылығына қатысы бар орталыққа басшылық жасаған. Бірақ өмірлік тәжірибесінің өтеп аз екендігі рас. 2019 жылы Шөкеевпен бірге Түркістанға келген Тәжібаев бірнеше ай облыс әкімінің кеңесшісі болды. Кейін әкім орынбасарының креслосына қонжиды. Тәжібаевтың тұсында облыстың ауыл шаруашылығы саласында қандай жетістіктер болды? Мұны енді қарапайым шаруалар айта жатар. Басы ашық жайт, соңғы жылдары, тіпті соңғы күндері  ауыл шаруашылығы саласында шудың көбейіп кетуі көпшілік арасында үлкен қоғамдық пікір туғызуы салдары Ұлан Тәжібаевтың орынбасарлық «тәжінен» айырылуына апарып соққаны туралы «Рейтинг» газетінің алдағы нөмірлерінің бірінде журналистік зерттеуімізді жариялайтын боламыз.  

Тәжібаевтың жылы орнын суытуы әрине, Шөкеевтің қызметтен кетуімен байланысты.  Оның үстіне өз ісінің маманы емес, тәжірибесі аз Тәжібаевты ірі аграрлы облыс саналатын Түркістанның да керек қылып тұрғаны шамалы. 

Ендігі кезек кімдікі?

"Рейтинг" газеті

Тоқаев банкке қарызы бар азаматтар үшін жаңа заң қабылдайтынын айтты
Си Цзиньпин - бас хатшы, төраға, диктатор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу