Тоқаев банкке қарызы бар азаматтар үшін жаңа заң қабылдайтынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабта өткен жиында банкроттық туралы заң қабылданатынын мәлімдеді.
"Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң қабылданады, ол қарыз алған азаматтарға шамадан тыс қарыз жүктемесінен құтылуға мүмкіндік береді. Қазір бұл бағыттағы басқа да шараларды ойластырып жатырмыз", - деді ел Президенті.