Ақорда алдында Тоқаевтың қатысуымен ту көтеру рәсімі өтті

Oinet.kz 25-10-2022 929

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Ақорда" резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. 

Screenshot_3.jpg

Ту көтеру рәсімі барысында Құрмет қарауылының бастығы президентке рапорт берді.

“Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды. Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды”, – делінген хабарламада. 

Ақорда ұсынған мәліметке сәйкес мемлекеттік ту көтеру рәсімі әрі қарай өңірлерде де жалғасады.

Мағауинді "сынап" жатқаны іштеріндегі “кішкентай Назарбаевты” оятады...
Ұлыбританияда үндістандық саясаткер премьер-министр болып тағайындалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу