Мағауинді "сынап" жатқаны іштеріндегі “кішкентай Назарбаевты” оятады...

Oinet.kz 24-10-2022 1022

Көп адамды түсіне алмай қойдым. Неге екіұдай стандартпен қарайды екен бәріне? Мағауин кім? Ол монархиялық жүйеге өте ғашық адам. Кешегі қаңтардан кейінгі күйін өлшеп халқына емес, бір сыйлық үшін араша сұрап "патшасына" хат жазды.Әгі Тоқаевқа симпатия үшін жасалған іс-әрекет екені айтпасада белгілі. "Патшасы Ұлы жазушының" пікіріне құлақ асты деген қыртқан политтехнологиялық әрекет қой...

Screenshot_14.jpg

Осы бізге шынымен демократиялы, дамыған ел болғанымыз керек пе?! Меніңше көп адам әлі демократияны өзіне ұнайтын жерін ғана алғысы келеді. Кешірерсіз, демократия не тұтастай келеді, не келмейді. Бір жігіт белгілеп тұрып жазыпты, сендер радикалсыңдар, бәрінен талап етесіңдер, істесеңдер міндетсінбесеңдерші, кешегі Әлихандар міндетсінбей-ақ жасады ғой деген сарында...

Мағауиннің тағдыры Әлихан атамдікінен ауыр екенін білмеппін... (жарайды бұл бөлек, кейін жаза жатармын)

Алашты бір адамдай оқыдым. Менің түсінігімдегі Алаштықтар сол күрес жолына, болашақ алдында жүзі ашық болу үшін түскендер. Олар расымен болашақ талап ететінін, сұрайтынын ұқты. Олар себебі демократиялық ойға бойлай алған адамдар. Ал демократиялық нормада талап ету, сұрау салу, өз ойыңды айту т.б. дүниелер дұрыс болып есептеледі. Ал бізде көп адамның ішінде бір-бір "кішкентай назарбаев" өмір сүріп жатыр...

Бәрі диктатуралық пропаганда негізінде ой қорытады. Мемлекет отыз жылда соны жасай алды. "Өзің не істедің" дейді. Не істеуім керек? Мен әкім де, президент те болмадым! Қолымда ешқандай құзірет болған емес. Таңғаласыңда қоясың. Демократия үшін болысуға, жемқор болмауға, жағымпазданбауға тырысып жүрмін. Қолымнан келетін (сондай) дүниелерден басқа ештеңе жасай алмаймын әзірге...

Мен неге талап етпеуім керек? Мен неге израильдық замандасым сияқты өз елімде толық емделе алмаймын? Менің неге швейцариялық замандасым сияқты жеке баспанам мен жеке счётым жоқ? Мен неге жемқорлығын көре тұра сеулдік замандасым сияқты кез келгенін, президент болсада соттата алмаймын? т.б. бұл негізі ақыл есі түзу адам үшін норма болуы керек...

Бізде бұл қиямет-қайым, мүмкін емес сияқты. Бұл өте жеңіл әрі қарапайым дүниелер ғой негізі. Мағауин сияқты адамдардың миссиясы аяқталды. Оларға рахмет! Расымен біз отар болып тұрғанда дәл сол деңгейдегі пафостық ұлтшылдық пен хандардан культ жасау керек болған шығар?! Ұлттық құндылықтарды сақтау үшін, тәуелсіздікке деген идеяны өшіріп алмау үшін. Біз қазір тәуелсіз ұрпақпыз. Ендігі күрес демократия үшін болуы керек. Себебі демократия кез келген елдің тәуелсіздігінің гаранты бола алады...

Ал мен алыста жатып, "патшаға" сыйлық үшін хат жазуды өзім өте тұрпайы іс-әрекет деп бағалаймын. Осы күнге дейін иттің итақайы алып жүрген сыйлық қой. Бірақ, бізде қазір Мағауиннің әрекетіне емес, мен сияқты біреудің Мағауинді "сынап" жатқаны іштеріндегі “кішкентай назарбаевты” оятады...

Ылғи айтамын, монархиялық тұлғалардан культ жасау арқылы демократия орнамайды. Алаштықтардың идеясы алдыға озып, солардың болмысы көбірек дәріптелуі керек...

Серік Хасенов Фейсбуктегі парақшасынан

Ердоған мен Путин Астанада не талқылады?
Ақорда алдында Тоқаевтың қатысуымен ту көтеру рәсімі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу