Депутаттар Рамиль Мухоряповты "ұлтаралық араздық туғызды" деп жауапқа тартуды сұрайды

Oinet.kz 24-10-2022 725

Мәжіліс депутаттары қазақ тіліне қатысты пікір айтқан кәсіпкерді "Ұлтаралық араздықты қоздыру" қылмыстық бабы бойынша жауапқа тартуды сұрап отыр.

Screenshot_2.jpg

Прокуратураға жүгінген депутаттардың сөзінше, кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың сөзі тәуелсіздікке, ұлттық мүддеге, ел тыныштығына нұқсан келтіреді. Және бұл сөздерді олар "ұлтаралық араздықты қоздыру" (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) деп есептейді.

Хат әлеуметтік желіде жарияланды. Оған қазірдің өзінде 20 депутат қол қойып үлгерген.

Chocofamily негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов Қазақстанға келген орыстардың арасында тренинг жүргізген. Сондай кездесулердің бірінде кәсіпкер қазақ тілі туралы даулы мәлімдеме жасайды. Оның бұл сөздері қазақстандықтардың ашу-ызасына тиіп, наразылығын туғызды. Кейіннен Мухоряпов кешірім сұраған видеосын жариялады.

Тоқаев Қазақстанның Тәуелсіздігіне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды
Ердоған мен Путин Астанада не талқылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу