Тоқаев Қазақстанның Тәуелсіздігіне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды

Oinet.kz 22-10-2022 1896

Бүгін Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты шарада президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.

Screenshot_10.jpg

“Қазақта "Егемен болмай, ел болмас" деген терең мағыналы сөз бар. Кейде "Азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды, еліміз тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады" деген біржақты, үстірт тұжырымдар айтылып қалатыны жасырын емес. Бұл – сол кездегі жағдайды дұрыс бағамдай алмаған адамдардың сөзі”, – деді мемлекет басшысы.

Егемен ел болу оңай емес, бірақ елдікті сақтап қалу одан да қиын деді ол өз сөзінде.

“Шын мәнінде, егемендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Ел ағалары және зиялылар ұлттың санасын сақтау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Елдің рухын көтеретін астарлы көркем шығармалар жарық көрді. Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді", – деп қосты ол.

Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына қатысты
Депутаттар Рамиль Мухоряповты "ұлтаралық араздық туғызды" деп жауапқа тартуды сұрайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу