Түрмеде әбден азып-тозып кеткен Қайрат Сатыбалдының түрі елді шошытты
Желіде түрмеде әбден азып-тозып кеткен Қайрат Сатыбалдының фотосы тарап жатыр. Фотоны көрген көпшілік аяушылық сезім білдіруде.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот отырысы басталды.
Іс Астана қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотында қаралып жатыр. Қайрат Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 195-бабы "Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру" және 189-бап "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу" әрекеттері бойынша айып тағылған.