СҚО-да түзеу мекемесінде орын алған адам өліміне басшылық қалай жауап берді?

Oinet.kz 03-02-2023 657

Солтүстік Қазақстан облысында адам өлімі болған түзеу мекемесінің басшылары жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, бірқатар заңбұзушылыққа жол бергені үшін Айыртау ауданында орналасқан ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті мекемесінің басшылары мен қызметкерлері өздерінің лауазымдарынан босатылды.

«Облыс прокуратурасының аталған мекеменің қызметінде бірқатар елеулі заңбұзушылықты анықтаған ұсынысын қарау мекеме басшыларын лауазымынан босатумен аяқталды», - делінген хабарламада.

ҚР ІІМ ҚАЖК алаңында өткен брифингте белгілі болғандай, ұсыныс Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұловтың қатысуымен қаралған.

«Бір фактінің өзі мекемедегі тәртіп үшін жауап беретін лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сәтсіздікті көрсетіп отыр. Бақылаудың толықтай жоқтығы тұлғаға режимдегі, қорғалатын объектіде аса ауыр қылмыс жасауға мүмкіндік берген. Қадағалау органында алдағы уақытта осыған ұқсас жағдайларға жол бермес үшін барлық шараны қабылдау және ведомстволық бақылауды күшейту бойынша бірқатар сәйкес ұйымдастыру шарасын қабылдау талап етілді. Комиссия қорытындысы бойынша мекеменің 2 басшысы, оның ішінде мекеме бастығы атқарған лауазымдарынан босатылды, басқа 5 қызметкер әртүрлі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді облыс прокуроры орынбасары.

Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында аталған түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген 1994 жылғы ер адам 1976 жылғы сотталғанды соққыға жығып өлтірген болатын. Аталған оқиға қоғамда резонанс туғызған еді.

Алматыда екі автобус соқтығысып, 6 адам зардап шекті
Көкшетауда бүтін бір отбасының өртеніп кетуіне көршісі айыпты деп табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу