«Жаным менің»: Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің диалогы елді елжіретті (видео)

Oinet.kz 21-09-2022 7286

Астанада Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 20 қыркүйек күні онлайн режимде өткен сотта айыпталушының заңгері Сатыбалдының кінәсін толық мойындап, 12 млрд теңге көлеміндегі шығынды өтегенін алға тартып жазаны жеңілдетуге үмітті.

Screenshot_1.jpg

"Олар тағылған айыппен келісіп, 28 млрд теңге және 12 млрд теңге мүліктік залал келтіргенін мойындап отыр. Қайрат Сатыбалды өз тарапынан барлық соманы өтеді", - деді айыпталушылардың қорғаушысы Игорь Попов сот отырысында.

Осы сот отырысы басталар алдында Қайрат Сатыбалды туған інісі Самат Әбішпен Zoom платформасы арқылы сөйлеседі. Мұнда ол Саматқа: 

- Самат, қалайсың? - дейді. 

- Әлһамдулла, Аллаға шүкір, амал жасап жүрмін, - дейді Самат Әбіш. Сосын Қайрат Сатыбалды өзінің баласына:

- Жаным менің, Самат ағаңның жанында бол қашанда, балам, - деп кеңесін айтады. 

- Самат сен бәрін түсіндің ғой ия? - дейді Қайрат Сатыбалды. 

- Түсіндім, бауырым, - дейді Самат. 

Видеоны көрген көпшілік ағайындыларға ашу-ызаларын жаудырды. Бірақ арасында ағайындылардың осы диалогы өте әсерлі екенін жазғандар да болды.   

Түрмеде әбден азып-тозып кеткен Қайрат Сатыбалдының түрі елді шошытты
«Алла қалаған құлын сынайды»: Мұхамеджан Тазабек ағасы Қайрат Сатыбалды туралы жазды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу