«Алла қалаған құлын сынайды»: Мұхамеджан Тазабек ағасы Қайрат Сатыбалды туралы жазды

Oinet.kz 21-09-2022 1506

Қоғамда бізге де, өзгеге де керегі жоқ қаншама жалған ақпарат бар. Естіп аламыз да мең-зең боп жүреміз. Кейде, ол ақпардың ақиқаты олай болмай шығады. Ал, көңілдегі сыз өзгермейді ғой. Түсіне алмай қатқан бас, тозған жүйке, қарайған жүрек, айтылған ғайбат, қалған көңіл үшін кім жауап береді…?!

Screenshot_2.jpg

Қайрат ағамның да соты болып жатыр. Кінәсі болса мойындау - еркектің тірлігі!

Тергеу ақырына жеткенше мың түрлі вариант, жүз түрлі версия айтылды. Әлемдік террордан әйелдік өсекке дейін түк қалдырмай қамтып, халыққа “ақпарат” тараттық…

“Қаңтарға” қатысы бардай, төңкеріс қалаған жандай айыптадық. Тыңдаушының құлағын, естушінің жүрегін аямадық. Қара ниетпен қаралағандар да, таңдайы түскенше табалағандар да болды. Аллаға тапсырдық! Адамның тағдыры Алланың қолында. Алла қалаған құлын сынайды, қалаған құлын тазартады. Бізге жаман көрінген нәрседе жақсылық, жақсы көрінген нәрседе жамандық болуы мүмкін.

Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді. Айтқым келгені ақпаратта ынсап болмаса, қоғамда әділдік болар ма? 

Ақсақалдың көрпеге сиғыза алмаған сақалы секілді, қаншама адам естіп, көріп алған ақпаратын миына сиғыза алмай, неге жорырын білмей, кімге сеніп, нені қасиет тұтарын түсінбей әбден шаршады.

Айта салу оңай, сүйкей салғанда салмақ жоқ, бірақ, естіген елден обал. Ақпарат әлемді билеп тұр. Өкінішке орай, тізгіні ізгі адамдардың қолында емес. Ақ жүрек елге бір Алла пана болсын!

Мұхамеджан Тазабектің Facebook парақшасынан

«Жаным менің»: Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің диалогы елді елжіретті (видео)
«Үшінші дүниежүзілік соғыс»: Путин мобилизация жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу