Үндістан премьер-министрі Путинді бір ауыз сөзбен «жер» қылды
Қазір соғыстың уақыты емес, басты назарды азық-түлік пен жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге аудару керек, деді Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресей президенті Владимир Путинмен болған кездесуде.
«Қазіргі дәуір соғыс дәуірі емес, біз бұл туралы Путин мырзамен телефон арқылы сөйлескен кезде талай талқыладық. Бүгін біз бейбітшілік жолында қалай алға жылжуға болатыны туралы сөйлесуге мүмкіндік алдық. Үндістан мен Ресей ондаған жылдар бойы бірге болып келеді », - деді Моди (Times of India келтірген).
Ол елдердің азық-түлік пен жанар-жағармай қауіпсіздігі мәселелерін, сондай-ақ тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жолдарын табу керектігін атап өтті.