Әскери борышын өтеп келгендер енді университетте тегін оқи алады

Oinet.kz 19-09-2022 4940

Ел жастарын әскери борышын өтеуге ынталардыратын жоба таныстырылды. Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Спикердің айтуынша, енді  әскери міндетін өтеп келген азаматтар ешқандай сынақсыз жоғары оқу орындарына түсе алады. Бұл жоба әлі талқыланып жатыр. 

- Жобаны іске асыруды бастап кеттік. Қазіргі таңда егжей-тегжейлі пысықталып жатыр. Осы орайда Қорғаныс министрлігінің бірқатар бұйрығына өзгеріс енгізілуде. Біздің жоспарымызға сай, әскердегі борышын өтеген кез келген азамат еліміздің жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз ақылы бөліміне түседі алады. Ал әскер қатарындағы үздіктер тегін оқи алады. Оларды Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Ұлттық ұлан өз критерийлеріне сай анықтайтын болады. Әдістеме әбден пысықталғаннан кейін көпшілікке толыққанды жеткізіледі. Қазірдің өзінде 30-ға жуық жоғары оқу орындары бұл жобаны қолдайтынын  растады, - деді Айгүл Төлембаева.

Генерал-майор әскерге бармай сыбыс тарататындарды сынға алды
Үндістан премьер-министрі Путинді бір ауыз сөзбен «жер» қылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу