Генерал-майор әскерге бармай сыбыс тарататындарды сынға алды

Oinet.kz 19-09-2022 1200

Бұл туралы Қарулы Күштердің Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Борамбаев қазіргі таңда офицерлер сарбаздарға қысым көрсете ме? Болса алдын алу мәселесі қалай жүргізіліп жатыр? деген сұраққа жауап берді.

- Әскерге барса болды бір жыл таяқ жеп, жаны шыққанша қинайды деп ойлау дұрыс емес. Мысалы, біз қарапайым өмірде де әртүрлі кедергілерге тап болып жатамыз. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, бір жыл бойы бөлімшеде 50-100 жігіт болады. Олар әртүрлі отбасынан, өңірлерден келеді. Біз заңсыз әрекеттердің алдын алуға тырысамыз. Біздің міндетіміз оларды отан қорғаушы етіп дайындау. Әскерге бармаймын себебі онда әлімжеттік көп деп сұхбат беретіндер көбейді. Ол адамдар әскерге барып, онда не болып жатқанын көрмеген азаматтар, - деді генерал-майор Серік Борамбаев.

Қазақстанда дәрігерлерге 3 млн теңге беріледі
Әскери борышын өтеп келгендер енді университетте тегін оқи алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу