Атамқұлов «Ескі Қазақстанда» қалып кетті

Oinet.kz 01-08-2022 1514

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізілді. Кеңес құрамынан бір кезде тасы өрге домалаған бірқатар шенеуніктер шығарылып тасталды.  

Screenshot_2.jpg

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамынан көрсетілген Кеңестің құрамынан:      А.Мамин, Е.Досаев, Б.Атамқұлов, Р.Дәленов, P.Исатаев, А. Әріпханов, А. Мырзахметов, Р.Дж. Поллетт, А. Глазенберг, В. Кнауф, А. Брейяк, К. Ульмер-Айлфорт, В.Ю. Алекперов, И. Катаяма шығарылсын», делінген Жарлықта.

Кеңес құрамына Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және тағы басқалар енгізілді. Әрине, жоғарыдағы азаматтардың Кеңес құрамынан не себепті шығып қалғанын түсіну қиын емес. Олардың басым бөлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қызметсіз қалғандар. Бірқатары басқа жұмысқа ауысып кеткендер. 

Асқар Маминнің сол Қаңтар оқиғасы басталмай жатып-ақ отставкіге кеткені белгілі. Маминнің бүгінде не істеп жүргені белгісіз. Қайбір жолы «Маминнің үстінен іс қозғалады» деген ақпаратты құзырлы органдар жоққа шығарды. Қаңтар қырғынынан кейін қызметсіз қалғандардың қатарында Бейбіт Атамқұлов та бар. 

Бейбіт Бәкірұлы Н.Назарбаевқа ең жақын кадрлардың бірі ретінде аталатын. Еңбек жолында Шымкенттегі қорғасын зауытында істеген. Ұзақ жылдар бизнесте жүрген Атамқұлов 2006 жылы дипломатиялық қызметке келді (бұл кезде Сыртқы істер министрі қызметін Қасым-Жомарт Тоқаев атқарған.Ж.Т). 2010 жылы Атамқұлов Қазақстанның Малайзия еліндегі елшісі, 2012 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты хатшы қызметтерін атқарып,  2015 жылдың тамызында  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бір жарым жылға жуық уақыт әкім болған Атамқұлов Оңтүстікте біраз бастамаларды көтерді. Шетелдік инвесторларды шақырып, Шымкентте көптеген жобаларды қолға алды. Осы жылдары облыс басшысы аудан, қала әкімдерінің еңбегін тартылған инвестициямен бағалауға көшкені де есімізде. Алайда Атамқұлов кеткен соң оның қолға алған жобалары да, бастамалары да ұмыт қалды. 

Атамқұлов әкімдіктен кейін Үкіметте керемет карьера жасады.  Алдымен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды. 2018 жылдың желтоқсанында тұңғыш Президент оны Сыртқы істер министрі етіп тағайындады. 2019 жылдың желтоқсанында ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрі болған. Қаңтар оқиғасынан кейін жаңадан жасақталған үкіметтен Атамқұловқа ешқандай кресло бұйырмай қалды. Содан бергі аралықта ол туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Атамқұлов та «Ескі Қазақстанда» қалып кетті.   

Халықты 30 жыл алдарқаттық. Енді бұдан әрі шыдай алмаймын
«Қазақстан - бұрынғы орыстардың жері» Желіде арандатушылық жазба пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу