«Қазақстан - бұрынғы орыстардың жері» Желіде арандатушылық жазба пайда болды

Oinet.kz 02-08-2022 2707

Бүгін телеграм каналдарда, Facebook желісінде Ресейдің бұрынғы Президенті, қазіргі Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Дмитрий Медведевтің жазбасы пайда болды. Бұл жазбада Медведев Қазақстан Ресейдің жері екенін айтады. Дегенмен бұл жазбаны Медведев жазды ма, жазбады ма, белгісіз. Себебі телеграм каналдар Дмитрий Медведев бұл жазбаны дереу өшіріп тастағанын, оған дейін скрин жасап үлгергендерін айтуда. 

Screenshot_8.jpg"XVII ғасырда орыстар Солтүстік Қазақстанның жабайы даласында қоныстандыру жұмыстарын бастады. Кеңес Одағының ыдырауына дейін Солтүсік Қазақстан халқының 62,5 пайызын славяндықтар құрады. Қазақстан - жасанды мемлекет, бұрынғы орыс жері. Мысалы Гурьев, Семипалатинск, тіпті Алма-ата. Алма-ата 1924 жылға дейін Верный деп аталды" - деп жазды Дмитрий Медведев. 

Screenshot_9.jpg

Screenshot_10.jpg

Бірақ бұл жазбаға сенуге болмайды. Себебі қазіргі таңда ел ішінде ғана емес, сыртқы саясаттарда арандатушылық бағыттағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Әлдекім Медведев жазбаған нәрсені жазды, артынша өшіріп тастады деп хабар таратып, аталған тексттік қолдан жасай алады. 

Сондықтан да халықты дүрлікпеуге шақырамыз. 

Атамқұлов «Ескі Қазақстанда» қалып кетті
Асқаров атаусыз қала бере ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу