Халықты 30 жыл алдарқаттық. Енді бұдан әрі шыдай алмаймын

Oinet.kz 31-07-2022

Халқымнан кешірім сұраймын, өзіме жүктелген міндетті дұрыс атқара алмадым. Президент күзде кетесің деген. Бірақ, одан ертерек отставкаға беруге шешім қабылдадым. Өйткені, халықтың жағдайы күннен күнге нашарлап барады. 

Screenshot_8.jpg

2 миллионға жуық жағдайы нашар отбасы кредитке тамақ алып отыр. Менің және менің қарамағымдағы министрлер 2 миллион зарплата аламыз. Ал, бейшара халыққа ең төменгі айлық 60 мың теңге деп есептеп бердік. 

Үкімет мүшелері 50 мыңға обед ішеді, ал біз әр балаға ай сайын бар болғаны 10 мың теңге береміз. Бұл дұрыс емес. Осыны ойласам ұйқым келмей, өзімнен өзім нервім қозып кетеді. 

Бізде, бидай, мұнай, алтын, газ, күміс, күріш, мырыш, көмір, уран, кең байтақ жер бар. Общым, жер астымыз тұнып тұрған байлық. Әттең, халық үшін аянбай адал жұмыс істеу деген ниет ғана жоқ. 

Қазір барлық қалаларда көпбалалы аналар у дай қымбат тамақты қарызға жаздырып алып жүр. Бұның барлығына біз кінәліміз. 

Бізде, кең кабинет, мықты мерседес, кең сарайдай коттедж, толағай табысымыз бар. 

Қатын-баламыз шетелде шалқып өмір сүріп жатыр. Халықты 30 жыл алдарқаттық. Енді бұдан әрі шыдай алмаймын. 

Егер Қазақстан дұрыс өмір сүргісі келсе, Ресейге жалтақтамай әлемнің барлық елімен әділ сауда нарығын қалыптастыру керек. Әттең, саясат мұрша бермейді. Қолдан келер шара жоқ. Сондықтан, мен кеттім Үкіметтен деп"-біздің премьер-министр айтса нағыз батыр болар еді. Әттең, бұлай айта алмайды.

Қатаң ескерту: Бұл-Үкімет басшысының сөзі емес. Автордың өз аузынан шыққан әшейін қиялы. Ешқандай шындыққа жанаспайды. 

Ербол Мәндібектің Facebook парақшасынан

Болат Назарбаевтың экс-әйелі кәсіпкерден 500 мың доллар талап етіп, үйін тартып алған
Атамқұлов «Ескі Қазақстанда» қалып кетті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×