Еңбек министрі зейнеткерлерге жағымды жаңалық жеткізді
Келесі жылы зейнетақы мөлшері артуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әйелдер қозғалысы өкілдерімен зейнет жасын төмендету мәселесі бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тамара Дүйсенова қозғалыс белсенділеріне азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында министрлік әзірлеген жаңа тәсілдер жөнінде де айтты.
"Біз базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде параметрлерді өзгерту туралы бастама көтердік. Қазір біздің ұсыныстарымыз басқа да мүдделі мемлекеттік органдарда қаралады, егер қолдау тапса, бұл келесі жылдан бастап бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерінің артуына мүмкіндік береді. Жұмыс істеп жүрген және болашақта құрметті демалысқа шығатын зейнеткерлер де оң әсерін тигізеді", - деді.