«Біздің халық зейнет жасына жетпей, өмірден озып жатыр»: Депутат зейнет жасын төмендету туралы
Қазақстан халық партиясы “Халық сарапшысы” талқылау жобасы аясында Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова көптеген қазақстандық зейнет жасына жетпей, өмірден озып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, қазақстандықтар 63-65 жаста зейнетке шығатындай ондай ұзақ өмір сүрмейді.
“Біз бұл жасқа жетпей бақилық боп кетіп жатырмыз. Сондықтан біз зейнет жасын төмендету керек деген позицияны ұстанып отырмыз. Зейнетке шығу жасы төмендеуі керек. Еліміздің халқының 52 пайызы – әйелдер. Жас, кәрі, орта жастағы. 55-58 жастан кейін жұмыс істей де алмай қаласың. Адамдар шаршаған, жұмыс та табылмайды. Сондықтан бұл бастама дұрыс. Мемлекет 63 жастан ерте зейнетке шыққысы келетіндерге рұқсатын беру керек”, – дейді ол.