Тоқаев: Қазақ тілі өлмейді! Алаңдауға негіз жоқ

Oinet.kz 17-06-2022 1021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында қазақ тіліне қатысты туындап жатқан алаңдаушылыққа пікір білдірді, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында. 

Screenshot_3.jpg

"Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. 

Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. Оған қоса, әлемнің басты ақпарат құралдары қазақша шығып жатыр. 

Жақында әйгілі APPLE компаниясы қазақ тілін iOS-тың тілдер жүйесіне қосты. Әлемнің 40 тілінде тарайтын NICKELODEОN телеарнасы қазақша көрсетіле бастады. Жастардың бастамасымен NATIONAL GEOGRAPHIC журналы 6 жылдан бері ана тілімізде жарық көруде. Осындай көптеген жағымды жаңалықтар бар. Сондықтан, қатты алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Десек те, осы саладағы жұмысымызды даңғаза жасамай, табандылықпен жүргізуіміз қажет. Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек", - деді Тоқаев. 

«Біздің халық зейнет жасына жетпей, өмірден озып жатыр»: Депутат зейнет жасын төмендету туралы
Қазақстанда салафизмды дамытқан - Қайрат Сатыбалды! - дінтанушы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу