Қазақстанның теңгесін қорлаған шетелдіктер халықтан кешірім сұрады
Жақында әлеуметтік желіде Қазақстанның төл валютасы - теңгемен мұрындарын сүртіп қоқысқа тастап мазақ қылған шетелдіктер кешірім сұрады.
- Біз қазақстандықтардан кешірім сұраймыз. Біз ешқандай ұлттық жанжал тудырғымыз келмейді. Біз Евгений екеуміз қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрамыз. Кезінде осында, Целиноградта дүниеге келгенбіз. Біз өз іс-әрекетіміз үшін жауап береміз. Біз музыкантпыз. Студиядан шыққан соң әзілдеп мини-клип түсірген едік. Бұл әрекетіміз дұрыс болмағанын түсінеміз. Сол үшін қазақстандықтардан тағы кешірім сұраймыз, - деді шетелдік азаматтар.