Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
ОКҚ-да өткен брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы қанша пайызға артатынын хабарлады. 2022 жылы олардың айлығы 30 пайызға көбейген.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният осы жылы ақ халаттылардың жалақысы 30 пайызға артқанын, қазір олар 416 мың теңге алатынын айтты. Ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 20 пайызға көтерілді. Бұл шамамен 208 мың теңгені құрап отыр.
"2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға (531 мың теңге), орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға (249 мың теңге) артады",- деді министр өз есебінде.