Әлия Назарбаева қайда жүр?

Oinet.kz 20-05-2022 1503

Жарамсыз көліктерден утилизация алымдарын алумен айналысқан «ӨКМ Оператор» компаниясына қатысты әңгімелер толастамай тұр. 

Screenshot_10.jpg

«Орда кз» сайтының жазуынша, «ӨКМ Оператор» компаниясы утилизация алымдарымен 2016 жылдан бастап айналысқан. Компанияны 2015 жылдың қарашасында  Елбасының кіші қызы Әлия ашқан. Арада біраз уақыт өткенде компания Шынар Мұқтарова деген азаматшаның және "Eco Waste Solutions" ЖШС-інің иелігіне өткен. Айта кетері аталған серіктестіктің де құрылтайшысы Ш.Мұқтарова болған. «Орда кз»-тің ақпараты рас болса, Шынар Мұқтарова уақтысында Әлия Назарбаеваның хатшысы болып жұмыс істеген. 

Биыл 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ескі көліктерге қатысты утилизация алымдарын жинау мемлекеттік кәсіпорынға жүктелді. Осыдан кейін құзырлы органдар «Оператордың» қыр соңына түсті.  Алдымен экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов ұсталса, кейін компанияның директоры Медет Құмарғалиев тұтқындалды. Құмарғалиев кәсіпорынның директоры қызметін 2020 жылдан бері атқарып келген. Бұдан кейін кәсіпорынның бұрынғы директоры Светлана Коротенко ұсталған. Антикордың мәліметі  «ӨКМ Оператор» комманиясы 2016-2021 жылдар аралығында 20 миллиард теңгені жымқырған. Бұдан бөлек Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығы электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру жолымен кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 миллиард теңгені ұрлауға ниеттенген. Алайда бір қызығы, компанияның кейбір басшылары ұсталғанымен кейбірі ешқандай жауапқа тартылмаған.

Ал компанияның негізін қалаушы Әлия Назарбаева туралы әңгіме де айтылып жатқан жоқ. Дәл қазір оның қайда жүргені де белгісіз.

Дәрігерлердің жалақысы 530 мың теңгеге өседі - Денсаулық министрі
Путин, Рахмон, Тоқаев. Ақсақал президенттердің алды жетпіске аяқ басты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу