Вице-премьер қазақ тілінде сөйлемеген шенеуніктерге қатаң ескерту жасады
Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бірқатар компания басшыларына ескерту айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Вице-премьер «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаевқа ескерту жасай отырып, брифинг қатысушыларының бүкіліне ескерту айтты.
"Бағанадан орыс тілінде керемет сөйлеп жатырсыздар. Қазақ тілінде де сөйлеу керектігін еске салғым келеді. Естеріңізде болсын. Бүкіл елде, халықтың арасында мұны әр уақытта есте сақтауымыз қажет. Мына жерде отырған азаматтардың бәрі – осы елдің азаматтары. Сондықтан жүрген-тұрған жерімізде осыны үнемі ескеруміз керек. Айналамызда болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар. Сондықтан сіздерге де тікелей қатысы бар. Бұл әр салаларымызға қатысты.Осыны бәріміз ескеруге тиіспіз", – деді Үкімет басшысының орынбасары.