Мәди Ахметов депутаттыққа үміткерлер тізіміне енбеді

Oinet.kz 07-02-2023 1468

“Аманат" партиясының съезінде партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың есімдері анықталды. Тізімде ең жас депутат болып келген Мәди Ахметовтің есімі болмады.

Screenshot_5.jpg

Мәди Ахметов бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуға ұсыныс жасап, кейін қаңтар оқиғасынан кейін оның өкілеттіктерін қысқартуға, сондай-ақ "ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңының күшін жоюға дауыс берген еді. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар Қорғаныс министрінен ең жас Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовті әскерге шақыртуды талап етіп, петиция жариялаған еді.

Асхат Аймағамбетов билікке қайтып келетін болды
Әлихан Смайылов облыс әкімдеріне тапсырма жүктеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу