Қор болған қайран есім

Oinet.kz 05-12-2022 1102

Screenshot_1.jpg

Қазақ елінің еңсе көтеріп, егемендік алғанына алла бұйырса табаны күректей отыз жылдан асты. Қазақ елі дербес мемлекет болып әлемге таныла сала төрт қыбыласы толық бекітіліп бекемделумен бірге, сол күннен бастап Қазақ тілі--мемлекет тілі болып тұрақтандырылғандығы жер шарына мақтанышпен жаряланып, ұлтымыздың абыройы асқақтата көтерілген еді. Амал қанша, еліміздің осы үмітін аяаққа басып, өз тілінен жеріп, өзге ұлттың тілімен сөйлеуді мақтан көретін мәңгүрттеріміз халқымыздың қарнын ашырып келеді. Бұлардың туада орыс тілімен ауызданғанына әрине өздері кінәлі емес, кеңес одағы кінәлі делік, ал, сода олар өзінің шынайы сүйетін қаны таза, есі дурыс болса өз ана тілін отыз жылда игеріп. бола алмайтын соншалық мыйғұлама? олай емес, олар Қазақ тілін ұнатпайтын ұлт сатқындары деп кесіп айта аламыз.

Ұлт теңдігі, ұлт тәуелсіздігі жолында басын бәй тігіп, отан үшін қыршын өмірін қыйған Қайрат, Ләззат сыяқты есіл боздақтарымыз да Орысша оқыған емеспе еді?! Солардың ыстық қанымен қол жеткізген бақытымызға масаттанып, Қазақ атымызға дақ келтіріп отырған тексіздерді солардың әруағы атсын! 

Мен өзім Қытайда туылып ержеткемін. Ол жақта жан саны салыстырмасы бойынша болғанда бір Қазаққа мың Қытайдан тура келеді, біз солардың арасында 60 жыл жасағанда тіліміз бен салтымыздан айрылмадық қой, ал, тұнық Қазақ ішінде жүріп жат тілге бодан. бійшараларды мүсіркегім келеді!

Қазақта "су басынан тұниды" деген мақал бар, Қазақ елінің тағдырына саятын осыбір қатерлі індеттің жалғасуына себепші болып отырған--тағы да ішінара шыбар тілді шенеуліктеріміз. Айталық, бір елдің абыройын көрсететін радио, телевизыя бағдарламаларында Қазақша сұхбатқа орысша жауап беріп жүрген қарабет мәңгүрттерді не дейсіз? Орыс бауырластар, сынды басқа ұлттардың өзі Қазақшаға судырап тұрғанда Қазақ атын жамылып Орысша сөйлеу қандай бетсіздік, қандай тексіздік!? Осыны жоғарғы биліктегілер көрмей, естімей отырған жоқ. қайта олардың ұлттық намысы жоқ, арты қисық!

Біз өзге ұлттардың тұнық қазақ тілінде сөйлей алмауына сөгістік айтпаймыз. Өйткені олардың өз ана тілі емес. Ашынатынымыз--өз тілін біліп тұрсада сөйлегісі келмейтін қазақтан шыққан мерездер…

Қазір еліміздің барлық облыстарында, соның ішінде өзім көріп жүрген Алматы қаласында шығарылып, таратылып жүрген маңызды хабар ошар газеттері бүкілдей Орыс тілінде шығарылады. Осы себепті шет елден қоныс аударып келген Қазақтар газет жүзіндегі жаңалықтардан мүлдем мақұрым. Міне бұл қойдың басын іліп қойып шошқаның етін сатқанмен бірдей масқаралық. Сондықтан мемлекет тіліміздің Қазақ тілі екендігі рас болса, ең алдымен ақпарат орындарын басқарып отырғандар сол саладағы мәңгүрттерді аластау керек.

Айтпақшы,осы мақаланы жазуыма түрткі болған мынадай бірм мысалды айта кетейін: Отырған үйіміздің телевизорынан кінарат шыққандығы себепті халыққақызмет өтеу орнына телефон шалсам орысша сөйлеп тұрып алды,сұрасам бұл Абай атты Қазақ жігіті болып шықты.Қазақ тіліне бұрын да жарымай келе жатқан жүрек сырқатым бірақ қозғалып, қаным басыма шапшыды да, қолыма қалам алдым. Тағы да айтарым сол, қор болған қайран есім-ай!

Абай деген қасиетті аттан садаға кетсін батшағар!!!

Кәкен Қасымханұлы

Полицейлер желіде танымал жастармен кездесіп, меморандумға қол қойды
«Түркістан-Эль-Кувейт» әуе рейсінің алғашқы ұшағы сапарға аттанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу