Асхат Аймағамбетов билікке қайтып келетін болды

Oinet.kz 07-02-2023 2205

Бүгін Елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Жиынға Оқу-ағарту экс-министрі, «AMANAT» партиясының мүшесі Асхат Аймағамбетов қатысты. Бекер қатыспапты, ол Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді. 

Screenshot_2.jpg

Ал Аймағамбетов ортаға шығып, өзгерістер болуы үшін сенім болуы керегін айтты.

- Өзгерістер туралы көп айтамыз. Бірақ өзгерістер болуы үшін бізге не керек? Ол үшін сенім пайда болуы керек. Ал сенім пайда болуы үшін нақты істер керек. Халқымыз әртүрлі бос ұрандар мен жоспарлардан шаршады. Нақты іспен дәлелдеу керек, - деп толықтырды ол сөзін.

Айта кетейік, Мәжіліс - заң шығарушы орган. Бұл биліктің бір тармағын жатады. Алдағы уақытта Аймағамбетов мәжіліс депутаты болып, билікке араласуы әбден мүмкін.

Ресейдегі VW зауытын қазақстандық компания алуы мүмкін
Мәди Ахметов депутаттыққа үміткерлер тізіміне енбеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу