Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
«Система» инвестиция корпорациясы Калугадағы Volkswagen зауытын сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Кolesa.kz.
«Коммерсантъ» газетінің дереккөзі келіссөзге қатысушылар арасында Allur Auto бар екенін хабарлады. Компаниялар тобы өндірістік серіктес рөлін артқаруы мүмкін.
Серіктестер қалай әрекет ететіні әлі анықталған жоқ. Инсайдерлер бірнеше нұсқа қаралып жатқанын айтады. Сол қатарда Volkswagen көліктерін қайта шығару жоспары да бар.
«Система» АҚК-ның автоөндіріс саласында активі жоқ. «Автостат» мамандары бұл салаға аяқ басу үшін корпорацияға тиісті құзыреті бар өндірістік серіктес қажет екенін айтады. Ал Allur Auto құрамында Қазақстандағы ең ірі «СарыарқаАвтоПром» зауыты бар. Сондай-ақ компаниялар тобы Калугадағы Volkswagen зауытына Қазақстан арқылы автобөлшек жеткізу желісіне дәнекер болуы мүмкін.
Екі корпорация да аталған ақпарат жайлы пікір білдіруден бас тартты. Volkswagen-нің Ресейдегі кеңсесі зауыт сатылатынын растаған жоқ, жоққа да шығармады. Компанияның хабарлауынша активтерді сату жоспарда бар, бірақ бұл соңғы шешім емес.
Былтыр жазда Калугадағы зауыт сатылатыны жайлы ақпарат шыққан. Сол кезде инсайдерлер оны алғысы келетіндер арасында қазақстандық компания бар екенін хабарлады.
Ресейдегі Volkswagen зауыты жылына 225 мың автомобиль шығара алады. Бұрын онда VW Tiguan кроссовері және Volkswagen Polo мен Škoda Rapid жасалатын. Соңғы екеуі Қазақстанға осы кәсіпорыннан келетін. 2022 жылғы наурызда зауыт жұмысы тоқтады.