Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкімет отырысында бағаны тұрақтандыру керектігін айтты.
- Біріншіден, Сауда министрлігі сатып алынатын және сатылатын тауарлардың көлемі мен бағасын ерекше бақылауда ұстасын. Екіншіден, өңір әкімдіктері нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған тауарларды тек қана кассалық аппараттарды қолданатын сауда объектілерінде сатуды іске асыруы тиіс. Өңір әкімдіктері барлық аудандарды қамти отырып, жәрмеңкелерді өткізуді тұрақты түрде жалғастыруы керек. Үшіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі үлгілік қағидалармен қабылданған жаңа тәсілдерді іске асыруды сапалы түрде әкімшілендіруді қамтамасыз етуі тиіс, - деді Үкімет басшысы.