Жаңаөзенде мың адам жұмысқа орналастырылады – Министр
Биыл Жаңаөзенде мың адам жұмысқа орналастырылады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты.
«Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «ҚазМұнайГаз» компаниясы жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеп, қолдау көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Осы жылы Жаңаөзенде мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 682 адамды «ӨзенМұнайГаздың» қолданыстағы жұмысына орналастыру алгоритмі бойынша қамтысақ, ал 318 адам мердігерлік ұйымдарда қызмет ететін болады», деді компания басшысы «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңес барысында.