«Қазақстанды құтқарып қалып едік, енді істеп отырғандары мынау» - ресейлік сарапшы

Oinet.kz 18-04-2022 6095

Қазақстан Жеңіс күніне қарсы әскери парад өткізбейтініне Ресей елі қапалы. Бұл туралы ресейлік сарапшы Владимир Аватков Телеграм арнасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_6.jpg

"Күн сайын посткеңестік кеңістіктерден, атап айтқанда Қазақстаннан таңғаларлық жаңалықтар көбейіп келеді. Енді олар Жеңіс күніне арналған шеруден бас тартты.

ОДКБ Қазақстанды күйреу мен анархиядан құтқарғанына қарамастан, олар жаңа әлемді қай жағынан құратынын шешуге асықпай келеді.

Украинада қайғылы оқиғалар осындай әрекеттерден басталды: Батысқа бет бұру, өз өткенімен байланысты жою. Қазақстан да дәл осындай жолмен жүруге тәуекел етті.

Енді ғана Қазақстан екі «әлемнің» емес, көптің – бұл Ресей, Қытай, Түркия және Батыстың арасында қалуы керек. Бұл әлдеқайда ауыр болады", - деп жазды сарапшы.

Screenshot_7.jpg

«Бұйрық солай! Айырылдық!» - Қайрат Нұртас желіге жазба жариялады
Ресей Түркияның екіжүзділігіне қапа болып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу