Ресей Түркияның екіжүзділігіне қапа болып отыр

Oinet.kz 18-04-2022 2457

Ресейлік сарапшы Владимир Аватков Түркияны екіжүзді деп таныды. Бұл туралы ол Телеграм арнасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

"Кеше ғана Түркия Ресейдің арнайы операциясымен күресу үшін Украинаға ұшқышсыз дрондарын жеткізсе, бүгінде түріктер өз аймағына ресейлік туристерді тарту үшін үш сатылы "жол картасын" қабылдады.

Туризмді ынталандыру үшін Түркия Ресейде жұмыс істейтін туроператорларына жалпы сомасы 300 миллион доллар несие бөлуге, тіпті арнайы чартерлік компания құруға уәде береді. Мұндай шаралар Ресейден келетін туристер ағынын кем дегенде 3 миллион адамға дейін арттырады деген болжам бар.

Мінекей, Байрактар Байрактармен, ал туристер – кесте бойынша. Түрікше есеп. Бизнес және басқа ештеңе" - деп жазды сарапшы.

«Қазақстанды құтқарып қалып едік, енді істеп отырғандары мынау» - ресейлік сарапшы
Шешен Президенті: Келесі күні соғысты аяқтап бәрін жоямыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу