Путин бес қазақстандықты арнайы марапаттады
28-03-2023
Рамзан Қадыров Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковты сынға алды. Песков Қадыровты генерал-лейтенант шенін алғанымен құттықтамапты. Және Песков соғыс басталғаннан кейін Ресейден кеткен тележүргізуші Иван Ургант «патриот» деп атаған екен.
«Еліңнің патриоты болу үшін шетелге қашып кетіп Ресейдің әрекетін сынау керек екен. Және аянышты түрде айналаға шу туғызу керек екен. Сөйтіп шнәрсе болмағанына қарамастан қайтып оралу керек екен», - деп жазды Қадыров.
Бұған дейін журналистердің сұрақтарына жауап берген Песков «арнайы әскери операция» деп аталатын әрекетті қолдамағандардың барлығын, сондай-ақ Ресейден кеткендердің барлығын сатқын және «бесінші колонна» ретінде есепке алмау керектігін айтқан.
«Тележүргізуші Иван Ургант - патриот, мен оны жақсы білемін, оның өзіндік көзқарасы бар шығар, бірақ ол патриот», - деді РФ президентінің баспасөз хатшысы.
Дмитрий Песков Рамзан Қадыровтың сынына:
«Мұндай сәтте кімнің патриоты көбірек екеніне бәсекелесудің қажеті жоқ» деп жауап берді. Сондай-ақ ол «қажет болғанда елі үшін кез келген құрбандыққа баруға» дайын жандардың барлығын патриоттар деп санайтынын түсіндірді.