Балағат аудиожазба арқылы танылған баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсады
Өткен аптада желіде Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекееваның дауысы делінген аудиожазба тараған еді. Мұнда ол қоластындағы қызметкерін аяусыз балағаттайды. Кейіннен Бекеева бұл аудиожазбаға қатысты түсінік берді. Ол бұның монтаж екенін, әлдекімдер қасақана ұйымдастырғанын айтты.
Басы дауға іліккен Мөлдір Бекеева ақыры қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлімдеді. Сонымен қатар ол өмірден де кетуге шешім қабылдағанын жазды. Артынша желіде белгілі заңгер Айгүл Орынбек Мөлдір Бекееваның өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Кейіннен белгілі болғандай, баспасөз хатшысы дін аман.