Министр Жәкішевке қатысты сұраққа жауап бере алмады

Oinet.kz 16-02-2022 756

OINET.KZ - Түркістан облысына қарасты станциялардың барлығы бірдей газбен жұмыс істейді. Ал болашақта газ тапшылығы болуы мүмкін. Мысалы, 1 гигабайт  станцияны ұстап тұру үшін 2 млрд куб газ қажет. Ал 17 гигабайттық станцияны ұстап тұру үшін қанша млрд куб газ кететінін есептеп көріңіз.

Screenshot_4.jpg

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр қуатының үзілуіне байланысты жүргізілген тексерудің алғашқы қорытындысын жариялаған Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деді. Оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауын бұзуға әкеліп соққан «KEGOC» АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауының себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Министрдің айтуынша, комиссия жұмысының нәтижелері бойынша технологиялық бұзушылықтың бірнеше себебі анықталған. «Қуаты 500 кВ болатын бірінші шинаның дифференциалдық қорғауының шамадан жоғары жұмыс істеуіне байланысты Сырдария ЖЭС-інің жұмысы бұзылды және өзбек энергия жүйесінде 2105 МВт жиынтық генерацияны жоғалта отырып, 500 кВ іргелес желінің өшуіне әкеп соқты. Өзбек энергия жүйесінде пайда болған қуат тапшылығы «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитіндегі қуаттың 2105 МВт шамасындағы артылуына алып келді. Соның салдарынан шамадан тыс жүктемеге байланысты динамикалық орнықтылық бұзылып, құрылғылардан ажыратылды», – деді министр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданған. Технологиялық ақау туындаған сәттегі, оқшаулау және жою кезіндегі персоналдың іс-әрекетіне, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жұмысына баға беріліп, осындай технологиялық бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленіпті. 

Соңғы кездері  билік өкілдері энергия тапшылығынан құтылудың бірден бір жолы АЭС салу екенін айта бастағаны мәлім. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі АЭС құрылысын жүргізу кеше ғана көтерілген мәселе емес, Совет одағынан бастап, әртүрлі зерттеулер жүргізілгенін айтып өтті. «Сондай-ақ Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 2006-2014 жылдары бұған қайта назар аударыла бастады. Әрине бізге атом электр станциясы керек. Біріншіден, АЭС-тың құрылысын бастамас бұрын зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Өте маңызды бастама болғандықтан оны мұқият зерттеуіміз керек. Бүкіл тектоника мен судың қаншалықты жеткілікті екенін және құрылысты қай аймақта салу керектігін зерттейміз. Атом электр станциясының қуаттылығынан бастап сейсмикалық жағдайына дейін жан-жақты зерттейміз. Әрине мұның көптеген технологиялық сұрақтары бар. Әу баста айтқан кадр мәселесі бар. Ал егер технологияны айтатын болсақ, 3+ деген технология санаулы елдерде ғана бар. Оның ішіне тәжірибесі мол Ресей компаниялары да кіреді. Бұдан басқа АҚШ пен Францияның да озық технологиясы бар», – деді Болат Ақшолақов.

Министрдің мәлімдеуінше, елімізде жылына 14 млрд киловатт сағат электр энергиясы өндіріледі. Электр қуатының көпшілігі өзіміз өндірілгенімен, тапшылық кезінде Ресейден сатып аламыз. Жалпы қазір таңғы және кешкі уақыттарда тұтынушылардың көлемі едәуір өскен. Сол уақытта 600-700 мегаватқа дейін Ресейден электр энергиясы алынады.

Айтпақшы, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында журналистер Болат Ақшолақовқа «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының экс-басшысы Жәкішевті қайта шықырып, тәжірибесі мен менеджерлік қабілетін пайдалану ойларыңызда жоқ па?», – деген сұрақ қойылды. «Енді сұрақтың өзі қызық. Бұл сұрақ біздің құзіретімізге жатпайды. Біріншіден, сол азаматтың өз шешімі болуы керек. Екіншіден, қай салада, қай деңгейдегі лауазымда қызмет атқарғысы келетіні де белгісіз. Сондықтан жауап бере алмаймын», – деді министр.

Бас Прокурор отставкіге асықпайды
Бәрін тендерсіз жеңетін BI Group холдингінің артында Назарбаевтар әулеті тұр ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу