Бас Прокурор отставкіге асықпайды

Oinet.kz 16-02-2022 801

OINET.KZ - Қазақстанда қаңтар қасіретінен кейін жаппай қуғын-сүргін, күдіктілерді адам айтқысыз әдіс-тәсілдермен азаптау жәйттарына жол берілді. Бірақ бұл үшін не Ішкі істер министрі, не Бас прокурор қызметінен кеткен жоқ. Бұл нені білдіреді?

Screenshot_3.jpg

Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, ұсталғандарды азаптаған полицейлердің үстінен 170 қылмыстық іс қозғалған.  Қаңтар қырғынында ұсталғандар арасында бұрын ауыр қылмыс жасап сотталған 113 адам бар. Қазіргі уақытта 3024 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

«Әрбір істі егжей-тегжейлі тексереміз және бұлтартпас дәлелдер болған жағдайда ғана кінәлілерді жауапкершілікке тартамыз», – деді Бас прокурор. 

Заңдылықтардың сақталуын қадағалау прокурорлардың тікелей міндеті саналады. Азаматтарды ұстау, тұтқындау, қамауға алу шараларына қадағалау жүргізеді. Осы мақсатта прокурорлар полиция бөлімдерінде кезекшіліктер ұйымдастырады. Кешегі қуғын-сүргін мен азаптауларда мұның қаншалықты шынайы жүргізілетіні белгілі болып қалды емес пе? 

Отставкіге алдымен Ғизат Нұрдәулетов кетуі тиіс еді. Алайда бас прокурорды бұл жағы ойландырмайтын сияқты.    

Путин біртүрлі болып жүр
Министр Жәкішевке қатысты сұраққа жауап бере алмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу