Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
OINET.KZ - Украинада соғыс қаупі күн санап күшейіп келеді. Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден мен оның әкімшілігіндегілер соғыстың 15 ақпанда басталатынын мәлім етті. Әзірге тым-тырыс. Енді мерзім олимпиададан кейінгі уақытқа шегерілді.
Ал Украинаны шетелдіктер, елшілік қызметкерлдері жаппай тастап кетіп жатыр. Олигархтар мен бизнесмендер Киевтен чартерлік рейспен аттанудан. «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар» деген осы.
Өткен аптада Кремльде Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президент Эммануэль Макрон кездесті. Ақпарат құралдарында екі президенттің ұзын столдың екі басында отырған суреті жарияланды. Мұны Кремльдегілер Макронның Ресей аумағында коронавирусқа қарсы тест тапсырудан бас тартқандығымен байланыстырып отыр.
Француз ақпарат құралдарының жазуынща, осы кездесу барысында Путин өзінің батыс елдеріне деген өкпе-ренішін сағаттап отырып айтқанға ұқсайды. Макрон бүгінгі күннің өзекті мәселесіне қатысты сауалдарды алға тартқан. Алайда Путин 1997 жылдан бергі аралықтағы тарихи оқиғаларды мыжып отырып алған. Ол Батыстың НАТО-ны шығысқа қарай ұзартпау жөніндегі уәдесінен тайқып кеткенін, нәтижесінде НАТО-ның мүшелігіне бұрынғы Кеңес одағы елдерінің де кіргенін айтумен болған. Кездесуден кейін Макроны Путинді 2019 жылы қабылдағанын, сол кезде ол әлдеқайда мейірімді болғанын, арадағы үш жыл ішінде Ресей президентінің қатты өзгергенін атап өткен көрінеді.