Шөкеевтің орынбасары суицидті қалай жеңу керектігін айтты (видео)
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары Сәкен Қалқаманов суицидті қалай жеңу керектігін айтты. Оның айтуынша, суициді мүлде жарнамаламау керек. Яғни бұл сөзді қолданбаған абзал. Бұл туралы ол Сайрам ауданында өткен "Парасат" пікірталас клубында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
– Суицид – жұқпалы ауру секілді. Суицидті көп айта берсе ол тарай береді екен. Мысалы «Түркістан облысында суицид көп», «Суицидті былай жасапты», «мынандай тәсілдері бар» деп қайта-қайта жарнамалай берсе дәл солай болады. Бұл әлемдік психологияда бар нәрсе. Сондықтан да суицид туралы мүлде айтпау керек, жарнамаламау керек. Өкінішке қарай, кей журналистер суицид туралы ақпаратты фотосымен айқайлатып беріп жатады. Бұл суицид жасаған жанның отбасына үлкен соққы. Осы себепті де ақпарат берерде абай болып, салдары не болатынын ойлау керек, - деді ол. Сәкен Аманкелдіұлының айтуынша, жауды атын атап шақырмау керек. Суицидпен аттандамай тып-тыныш күрессе ғана нақты нәтижелер болмақ.