Тоқаев Назарбаевтың немере інісін де қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Еске сала кетейік, Самат Әбіш - Қазақстанның тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

 
 
 
