Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабтың отырысында қала әкімі бүлікшілерді морадер деп атауға келмейтінін айтты. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев морадерлер қалада қанша камераны бүлдіргені туралы баяндама жасаған еді. Алайда, қала әкімі оларды «морадер» деген сөзге келіспей, оларды террорист деп атады.
"Сіз морадерлер ананы бүлдірді, мынаны қиратты деп жатырсыз. Қарапайым морадер ондайды ажырата алмайды. Олар дайындалған адамдар, яғни мақсатты түрде бүлдіруге келгендер. Көшедегі камераларды орталық жүйеден ажыратқан. 73 камера қайта қалыпқа келтірілмейтінін ескерсек, бұл жай нәрсе емес. Олар не істеу керектігін білген. Қарапайым морадер оны істей алмайды. Ненің қайда тұратынын жақсы білген террорист, бандиттер олар. Зардап шеккен нысандардың барлығын аралап шықтым, оларда түгелдей сервер болған, ал қаскөйлер оларды қиратып кеткен",-деді Сағынтаев.