Назарбаевтың күйеубаласы соңғы сөзін айтып кетті

Oinet.kz 17-01-2022 13616

Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы болып сайланған қызметінен кетті. Бұл туралы ҰКП сайты хабарлайды.

Screenshot_2.jpg

- «Съезд делегаттары мен президиум мүшелеріне маған сенім артқандары үшін алғыс айтқым келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары қадағалау органын сегіз жыл бойы басқарғаным мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. «Атамекен» ҰКП-ның қатардағы сарапшылардан бастап облыстық филиал басшыларына дейінгі үлкен ұжымына бірлескен мазмұнды жұмысы үшін ерекше алғыс айтамыз Мемлекет басшысы 2022 жылдың 11 қаңтарында өз сөзінде «Атамекен» мен бизнес қауымдастығының басым бағыттарын атап өтті.Халықтың кірісін арттыру бағдарламасын әзірлеу, импортқа тәуелділікті азайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту.Осы тапсырмалардың барлығы АЭС-тің сөзсіз басымдылығында болады», - деді Тимур Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы Динараның күйеуі. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайда екені белгілі болды
Тоқаев Назарбаевтың немере інісін де қызметінен босатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу