Дариға Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жолдады

Oinet.kz 20-03-2019 1178

Screenshot_5.jpg

Еске сала кетейік, Дариға Назарбаева сенат спикері болды. Сенат депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Жасырын дауыс беруге 44 депутат қатысқан. 

Жасырын дауыс беруді есептеу комиссиясының төрағасы Тілеубек Мұқашев сенат төрағасы кандидатурасын таңдайтын бюллетенде Дариға Назарбаеваның аты-жөні көрсетілгендігін мәлімдеді.

Депутаттарға 44 бюллетен таратылды. Олар толтырылған бюллетенді арнайы жәшікке салған.

"Дауыстар келесідей бөлінді: Дариға Назарбаеваның кандидатурасы 44 депутат дауыс берді. Қарсылық білдіргендер - жоқ. Бейтарап қалғандар - жоқ. Осылайша, парламент сенатының төрайымы болып Дариға Назарбаева тағайындалды", - деп мәлімдеді Мұқашев.

Өз кезегінде Дариға Назарбаева әріптестеріне білдірген сенімдері үшін алғыс білдірді.

"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, әріптестерім, қымбатты қазақстандықтар, көрсеткен сенімдеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Елдің саяси және қоғамдық өмірінде парламенттің рөлі орасан екенін білемін. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық білімім мен қабілетімді жұмылдырамын", - деді сенат спикері Дариға Назарбаева.

Тұрсынбек Асамбаев: «Мыңбаев мұнай-газбен көп шұғылданып, металлургияға мойын бұрмай отыр»
Шымкент Жаңа Президенттің ұсыныс-тапсырмасын бірінші болып орындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу